Құрылымы/Структура
полезно!



 
 
 
 
 
 

Кітапхананың тұрақты оқырмандары – мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер және медицина  қызметкерлері, қала мектептерінің оқушылары, пединститут және колледж студенттері, зейнеткерлер, қаланың инженер-техникалық мекемелерінің қызметкерлері.
Кітапханада кітап қоры 284 мың дана, оқырман саны жылдан-жылға көбейіп, соңғы уақытта 16,5 мың адамға дейін жетіп, жылына  510 мыңға дейін басылым беріліп отырылады. Кітапханамыз  қаланың оқу орындарымен, мекемелермен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс атқарады.

Основной контингент читателей библиотеки – госслужащие, учителя и медицинские работники, школьники городских школ, студенты колледжей и пединститута, пенсионеры,  рабочие и инженерно-технические работники предприятий города.
    На сегодняшний день книжный фонд библиотеки насчитывает свыше 284 тыс. экземпляров, количество читателей - более 16,5 тысяч человек, которым ежегодно выдается до 510 тыс. изданий. Библиотека работает в координации с учебными заведениями города, с учреждениями и общественными организациями.

Әдебиетті өңдеу және толықтыру секторы/
сектор комплектования и обработки литературы

Сектор кітапханалық қорды толықтыру, әдебиеттерді есепке алу, алфавиттік және жүйелік каталог жүргізу, электрондық каталог құруда үлес қосу сияқты жұмыстар атқарады. Жыл сайын бөлім қызметкерлері 3500 данадан аса әдебиеттерді және 200 мерзімді басылым түрлерін өңдеуден өткізеді. Негізгі толықтыру орталықтары ғылыми кітапханалардың орталық коллекторы және Қостанай қаласындағы кітап дүкені «Ахмет Байтұрсынов» ЖШС болып табылады. Мерзімді басылымдар «Қазпошта» АҚ, «Евразия-Пресс А» ЖШС арқылы келіп түседі.

Сектор осуществляет пополнение библиотечных фондов, учет литературы, ведет алфавитный и систематический каталог, принимает участие в создании электронного каталога. Ежегодно сотрудники отдела обрабатывают более 3500 экземпляров литературы и более 200 наименований периодических изданий. Основными источниками комплектования являются Центральный коллектор научных библиотек и книжный магазин г.Костаная ТОО «Ахмет Байтурсынов». Периодические издания поступают через АО «Казпочта», ТОО «Евразия-Пресс А». 

Кітап сақтау секторы/
сектор основного книгохранения

Сектордың негізгі міндеті – кітапхананың негізгі қорын сақтау, ұйымдастыру және қолдану. Бөлімде 82 мыңнан астам сақтау қоры бар. Кітап сақтау бөлімі өз қорын оқу залына, абонементке, балалар бөліміне және өнер бөліміне қолдануға беріп отырады.Бұл секторда авторлардан сыйға берілген кітаптар, соның ішінде жерлес-жазушыларымыздың  кітаптары сақталады. 1914 ж және 1925 жылдары шығарылған сирек кездесетін кітаптар, сонымен қатар кітапханаға бір данада ғана келіп түскен және жоғары сұранысқа ие құнды кітаптар сақталады.

Основная задача - хранение, организация и использование основного фонда библиотеки. Отдел располагает фондом свыше 82 тысяч единиц хранения.
Отдел основного хранения предоставляет свой фонд для использования в читальном зале, абонементе, отделе детской литературы и секторе искусства. Здесь хранятся книги с дарственными надписями авторов, в том числе и писателей – земляков. В отделе есть редкие книги, изданные в 1914 и 1925 гг. Здесь же представлены дорогие книги, поступившие в библиотеку в единственном экземпляре и пользующиеся повышенным спросом.

Әдістемелік-библиографиялық бөлім/
методико-библиографический отдел

Кітапхананы және көрсетілетін қызметті жарнамалау, аймақ кітапханашыларының кәсіби деңгейлерін өсіру, әлеуметтік зерттеулер, әдістемелік құралдарды жасап шығару – бөлімнің басты міндеттері болып табылады. Кітапхана әдіскері жалпы кітапханалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына қатысады, жаңа идеялар  мен оқырмандарға қызмет көрсету әдістерін ұсынып, кітапхананың жұмысы туралы  есеп беру жұмыстарын қолға алып, кітапханашыларға көмек көрсетеді.
Сонымен қатар, бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі библиографиялық және фактографиялық ақпараттарды жинау, актуалдық тематика және тұтынушылардың тапсырыстары бойынша библиографиялық нұсқаулықтарды және тізімдерді дайындау.
Бөлім оқырмандары үшін энциклопедиялар, сөздіктер, анықтама кітаптар, статистикалық басылымдар, қазақстанның ресми басылымдары қолданылуға беріледі.
Анықтама-іздеу аппаратын қолдана отырып, оқырмандар кітапхана бөлімдерінің қорымен толық таныса алады.
АІА кіреді:
- алфавиттік каталог
- жүйелік каталог
- елтану картотекасы
- «Қазақстан» картотекасы

Бөлімнің ең маңызды бағытының бірі – өлкетану библиографиясы және баспа жұмыстары. Жыл сайын қазақ тілінде «Арқалық басылым беттерінде» атты нұсқаулық жазылып отырылады.

Реклама библиотеки и услуг, повышение профессионального уровня библиотекарей региона, социологические исследования, выпуск методических материалов - вот круг проблем, над которыми работает отдел. Методист библиотеки участвует в организации и проведении общебиблиотечных мероприятий, генерирует новые идеи и подходы к обслуживанию читателей библиотеки, обеспечивает своевременную отчетность о работе библиотеки, оказывает помощь библиотекарям.
Основной задачей этого отдела является также сбор и обработка библиографической и фактографической информации, подготовка библиографических пособий и списков, обзоров по актуальной тематике и по заказам пользователей.
К услугам читателей отдела энциклопедии, словари, справочники, статистические издания, а так же официальные издания Казахстана.
Используя богатейший справочно-поисковый аппарат, читатели могут познакомиться с фондом всех отделов библиотеки.
СПА включает:
- алфавитный каталог
- систематический каталог
- страноведческая картотека статей
- картотека "Казахстан" 
Важное направление работы отдела – краеведческая библиография и издательская деятельность. Ежегодно издается указатель «Аркалык на страницах печати» на казахском языке.

абонемент

Бөлім жан-жақты қамтитын қорымен қызмет етеді. (шамамен 92 мың дана). Әлемдік классикалық көркем әдебиет және Қазақстан жазушыларының шығармаларын оңай табуға болады. Детективтер, шытырман оқиғалар, фантастиканы да табасыз.
Абонементте  қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан туралы әдебиеттер, қазақстандық жазушылардың шығармалары, әлемдік әдебиеттің қазақ тіліндегі аудармалары, Қазақстан тарихы туралы әдебиет, мемлекеттік тілдегі белгілі әдебиеттер орналасқан «Казахстаника» қоры бөлінген. Бөлімге 18 түрлі мерзімді басылым келіп түседі. Абонемент бөлімінің оқырманы бола отырып, сіз түрлі іс-шараларға, кездесулерге, әдеби шолуларға және кітаптардың алғашқы қойылымдарына қатыса отырып, «Руханият» клубының мүшесі бола аласыз.

Абонемент располагает универсальным книжным фондом (около 92 тысяч экземпляров). Большой выбор мировой классической художественной литературы и произведений писателей Казахстана. Здесь Вы можете выбрать детективы, приключения, фантастику. Абонемент имеет выделенный подфонд «Казахстаника», где представлена литература о Казахстане на казахском и русском языках, произведения казахстанских писателей, переводы на казахский язык мировой литературы, здесь же литература об истории Казахстана, учебные пособия, популярная литература на государственном языке.В отдел поступают периодические издания 18 наименований. Являясь читателем этого абонемента, Вы можете принять участие в мероприятиях, встречах с интересными людьми, посетить обзоры литературы и премьеры книг, стать членом клуба «Руханият».

Өнер әдебиеті секторы/
сектор литературы по искусству

Бөлім қоры мағынасы жағынан да саны жағынан да алуан түрлі, оның ішінде өнерге қатысты кітаптар және альбомдар, ноталық басылымдар, граммпласттар, және СD-ROM дар, диафильмдерді таба аласыз. Секторға Қазақстанның және Ресейдің ең таңдаулы, сапалы мерзімді басылымдары келіп түседі. Олар әйелдерге арналған журналдар, спорт туралы басылымдар, өнер ге қатысты журналдар. Бөлімге қазақстандық газет журналдардың 32  түрі  және ресейдің 18 түрлі мерзімді басылымдары келіп түседі.
«Жас талант» клубы жұмыс жасайды, жасөспірімдер театрының әртістерімен, өнерпаз композиторларымен, айтыскер-ақындармен кездесулер өткізіледі. Қала суретшілерінің жұмыстары үшін көрме ұйымдастырылған.

Егер сіз суретші болсаңыз, көрсететін жұмыстарыңыз болса, өнер бөліміне келіңіз.

Фонд сектора разнообразен и многогранен. Это книги и альбомы по искусству, нотные издания, грампластинки и CD-ROMы и диафильмы.  В сектор идут богато иллюстрированные, отличного полиграфического качества периодические издания Казахстана и России. Это женские журналы, спортивные издания, журналы по искусству. В сектор поступает казахстанские газеты и журналы 32 наименований и 18 российских издания.
Работает клуб «Жас талант», проводятся встречи с актерами театра юного зрителя, самодеятельными композиторами, акынами, айтыскерами. Периодически сектор предоставляет свои панно для работ аркалыкских художников под названием «Наш вернисаж».
Если Вы художник и Вам есть, что показать из своих работ, приходите в сектор искусства

Оқу залы/
читальный зал

Залда оқырмандар жиі қолданатын белгілі бір салалық әдебиеттер ұсынылады: Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы бойынша басылымдар, заң ғылымы және мемлекеттік құқық, макроэкономика және микроэкономика, ақпараттық технология, педагогика, әдебитанымдық, фольклор және нақты ғылымдар бойынша басылымдар. Бөлімде анықтамалық қор жаңартылып отырылады: ұлттық энциклопедия «Қазақстан» (8 том), тоғыз томдық «Қазақтар Казахи», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Қазақстанның географиялық атласы» және тағы басқалары.
Секторға жылына мерзімді басылымдардың 121 түрі және Ресейдің 21 түрі келіп түседі.

В читальном зале представлена наиболее  часто запрашиваемая читателями отраслевая литература: издания по  всемирной истории и истории Казахстана, по юридическим наукам и госправу, по макро- и микроэкономике, по информационным технологиям, педагогике, литературоведению, фольклору и точным наукам. Здесь формируется и периодически обновляется справочный фонд: национальная энциклопедия «Қазақстан» (8 томов), девятитомник «Қазақтар Казахи», «Красная книга Казахстана», «Географический атлас Казахстана» и ряд других.
Сюда ежегодно поступают периодические издания Казахстана по 121 наименованию и 21 - издания России

Балалар бөлімі/
отдел детской литературы

88 мың данадан астам қоры бар. Оқырмандарға дифференциалды түрде қызмет көрсетеді: мектепке дейінгі жастан 11 жасқа дейінгі балаларға арналған абонемент, екінші абонемент – 12 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған. Бөлімнің оқу залында анықтамалық басылымдар, балаларға арналған журналдар және газеттер: «Балдырған», «Балбұлақ», «Бала би», «Тошка и компания», «Юный эрудит» және басқалары.
2 клуб жұмыс жасайды: «Юный правовед» және «Самоделкин и компания». Тәжірибелі мамандар жас оқырмандарға апталықтар, кештер және сайыстар, ертеңгіліктер, бірінші оқырман мерекесі және басқа да іс-шаралар ұйымдастырады.  Жаз мезгілінде «С лучиком по строчкам» оқу бағдарламасы жұмыс жасайды.

Располагает фондом свыше 88 тысяч экземпляров. Обслуживает читателей дифференцированно:  абонемент для  детей дошкольного возраста и до 11 лет,   второй абонемент - с 12 до 15 лет.   В читальном зале отдела представлены справочные издания, красочные детские журналы и газеты: «Балдырған», «Балбұлақ», «Бала би», «Тошка и компания», «Юный эрудит» и другие.
Работают 2 клуба по интересам: «Юный правовед» и «Самоделкин и компания»  Опытные специалисты проводят для юных читателей Неделю детской книги, поэтические вечера и конкурсы, утренники, праздник первого читателя и другие мероприятия. В летнее время действует программа чтения «С лучиком по строчкам».

Автоматизация секторы/
сектор автоматизации

Кітапхананың автоматизация саласындағы ақпараттық-библиографиялық процесстерді ұйымдастыру, кеңес беру, қолдану жұмыстарын атқарады.
Оқырмандар үшін секторда ПК жұмыс жасау қызметін, Интернет жүйесінде жұмыс жасау; басып шығару, ксерокөшірме жасау, брошюра  жасау, ламинирование, электрондық ақпарат таратушы құралдарға көшіру жұмыстары (CD, DVD, флэш карталар) сияқты қызмет түрлері ұсынылады.

Сектор автоматизации осуществляет организационную, консультационную и практическую работу в области автоматизации информационно-библиографических процессов в библиотеке.
Для читателей сектор автоматизации предоставляет услуги по работе на ПК; работе в глобальной сети Интернет; цветной и ч/б распечатке; ксерокопированию; брошюрованию; ламинированию;
записи на электронные носители информации (CD, DVD, флэш-накопители).

Разработка и дизайн: ОУНБ№2, 2007-2011.
О всех ошибках, неточностях, предложениях пишите web-мастеру.
Hosted by uCoz